Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана тұрғыны 10 жыл бұрын жоғалған жеке куәлікпен несие алған

Астана тұрғыны 10 жыл бұрын жоғалған жеке куәлікпен несие алған

Астана. 7 сәуір. 7kun.kz – Астанада 2013 жылы «алаяқтық» бабымен бірнеше қылмыс жасаған тұрғынға үкім шықты. Бұл туралы Тенгриньюс хабарлады.

Өзге азаматтың 10 жыл бұрын жоғалған жеке куәлігі арқылы тұрғын бірнеше несие алған.

«Айыпталушы Т. есімді азаматтың  атындағы 2007 жылы жоғалтып алған  жеке куәлікті қолданып жүрген. Алдау арқылы Астанадағы банк бөлімшелерінен несиелер алған. Барлығын есептегенде 831 235 теңге залал келтірген», - деді «Алматы» ауданы прокуратурасының  бөлімшесінің прокуроры Ерлан Конаров.

№ 2 Алматы ауданық соттың үкімі бойынша айыпкер кінәлі деп танылып, оған екі жыл бас бостандығынан айыру және келтірген залалды өтеу деген жаза тағайындалды.

Похожие материалы