Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана-Томск бағытында тікелей рейс ашылды

Астана-Томск бағытында тікелей рейс ашылды

SCAT әуекомпаниясы 2015 жылдың 27-мамырынан бастап Астанадан Томск қаласына ұшатын тұрақты рейстер ашады.

Ұшақ аптаның әр сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшатын болады. Билет құны барлық әуежай алымдарымен қоса есептегенде 30 000 теңге. Сонымен қатар, алты қаланың тұрғындары Астанада тоғысып, Томск қаласына ұша алады. Ол алты қала: Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Алматы. SCAT әуекомпаниясы 1997 жылы ашылған. Қазақстанның ірі әуекомпанияларының бірі. Негізгі маршруттық желісін ішкі бағыттар құрайды. Сонымен қатар, әуекомпания ТМД елдері, таяу және алыс шетелдерге халықаралық рейстерді де жүзеге асырады.

Похожие материалы