Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана тұрғыны 7 млн теңгесін пойызда ұмытып кетті

Астана тұрғыны 7 млн теңгесін пойызда ұмытып кетті

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – 43 жастағы елордалық пойызда 7 млн теңгеге жуық ақшасын ұмытып кеткен. Көлік полицейлері тез арада сөмкені тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 ақпанда ер адам Алматы – Орал пойызында 4 млн теңге және 6 мың доллар салынған сөмкесін ұмытып кеткен.

Оның айтуынша, ол Есіл станциясынан шыққан. Үйге барғанда сөмкесі жоқ екені есіне түсіп, елордалық көлік полицейлерінің көмегіне жүгінген.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары сөмкені тауып, иесіне қайтарды.

Ер адам қызметтік міндетін адал атқарған полицейлерге ризашылығын білдірді.

«Қызметкерлер бірден әрекетке көшті. Пойыз бастығымен байланысқа шығып, сөмкенің қайда жатқанын анықтады. 6 сағат өткеннен кейін құжаттарым және ақшам өзіме тапсырылды. Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамын», – деді елорда тұрғыны.

Похожие материалы