Экономика
Астана тұрғыны террористік әрекет арқылы билікті басып алмақ болған – ҰҚК
Астана. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Елорда тұрғыны тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 15 жылға сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК хабарлауынша, Ш. есімді азаматқа қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді.
«Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелді. Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – делінген хабарламада.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.