Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-маусымында Астана халықаралық әуежайы 2 145 154 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 17% - ға артық, деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.
Есепті кезеңде ішкі рейстердегі жолаушылар тасымалы 1 346,578 млн адамды құрады (өсім 12%), халықаралық рейстерде - 798 576 адам (26% ұлғайды). Соның ішінде 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында жөнелген жолаушылар саны 1 79550 млн адамды құрады (өсім -17%), келіп түскендер - 1 65,604 млн адам (16% өсім). Әуежайдың жүк айналымы есепті кезеңде 28% -ға төмендеп, 4,832 мың тоннаға жетті.
Жалпы, 2018 жылдың қаңтар-маусымында әуежай 14,353 мың рейске қызмет көрсетті, бұл 2017 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 11% артық.