2015 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласының әуежайында арнайы такси қызмет ететін болады. Бұл шешім азаматтық авиация Комитетінің, әуекомпаниялардың, әуежайдың және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысқан жиналыстың нәтижесінде шығарылды.
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігінің сайтында көрсетілгендей, ААК-нің төрағасы Бекен Сейдахметов алдағы мәселені шешу үшін заңсыз такси жүргізушілерінің алдын кесу шараларын ұйымдастыру жоспары құрылғандығын атап өтті. «Біз жолаушыларымыздың қауіпсіздігін бірінші орынға қоямыз. Яғни, барлық жағдайлардың алдын-алу, таксомоторлы қызметтің сапасын қадағалау - біздің басты міндетіміз. Заңсыз такси жүргізушілерінің әрекеттерінен елордамыздың әуежайының беделі төмендейді. Себебі, әуежай - қаланың бет-бейнесіндей. Аталған жағдай тек астанамыздың әуежайында ғана емес, еліміздің басқа қалаларының әуежайларында да орын алмауы тиіс», - деді Бекен Сейдахметов.
Бұл жоспар заңсыз жүргізушілердің алдын кесетін қосымша шараларды да қамтиды. Негізінен, келген жолаушыларға қызмет көрсететін таксомоторлы парктер арасында байқау өткізіп, таңдау жасау жоспарлануда. Әуежайдағы белгіленген аймақта таксиді шақырта аласыз. Одан бөлек, әуежай ғимаратында қаланың сызбасы, аудандар туралы қысқаша мәлімет беретін және ақырғы бекетке дейінгі бірегей жол ақысы көрсетілген баннерлер ілінеді. Арнайы такси қызметі туралы жолаушылар ұшу барасында-ақ хабардар болады. Және бір айта кететін жәйт, Халықаралық азаматтық авиация мекемесі әуежайлардың қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беріп, қала мен әуежай арасында жылдам көлік қатынасы болуын басты назарда ұстап отыр.