Экономика
Регионы
#astana109 хэштегімен Астана тұрғындары азық-түліктің қымбаттағаны туралы арыздана алады
Астана. 1 ақпан. 7kun.kz - Енді Астана тұрғындары азық-түліктің негізсіз қымбаттағаны туралы әлеуметтік желілерде де арыздана алады. Арыз Астанадағы интеллектуалды байланыс орталығының Facebook және Instagram ресми аккаунттары арқылы қабылданады. Тек жарияланымды #astana109 хэштегі арқылы толтыруы керек, деп хабарлайды today.kz.
Сондай-ақ, тұрғындар өздерінің арыздарымен қоса суреттерді "Google Play-ден" жүктеп алуға болатын "Smart Astana" мобильді қосымшасы арқылы жолдай алады немесе бағаның көтерілгені туралы 109 нөміріне хабарласу керек.
Дегенмен, желі қолданушылары бұл жаңалықты әртүрлі қабылдап жатыр. Бірі әкімдіктің жаңа бастамасына ризашылықтарын білдірсе, кейбіреуі әлеуметтік желіде болған арыздан ешқандай өзгеріс болмайды дегенді айтады. Ал кейбіреулері аталған жүйе басқа да қалаларда болғанын қалайды.
Астана қаласындағы интеллектуалды байланыс орталығы - қала тұрғындарының коммуналды-тұрмыстық жағдайлар мен жергілікті мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтарын қабылдайтын орын.
Фото: acades.by