Астана. 27 қыркүйек. 7kun.kz – Елордада 40 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Астана қаласы ПД мәліметінше, 31 жастағы қала тұрғынынан ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды тарату арқылы одан 40 млн теңге бопсалаған. Күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін алып, жәбірленушіні ары қарай бопсалаған.
Полицейлер күдіктілерді ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 млн теңге тәркіленді.
Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.