Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада азық-түлік бағасы 1,1 пайызға қымбаттады

Астанада азық-түлік бағасы 1,1 пайызға қымбаттады

Астана. 13 маусым. 7kun.kz - Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы - 1,1 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 1,4 пайызға өсті, ақылы қызметтердің тарифтері 0,2 пайызға төмендеді. Бұл туралы Астана қалалық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылғы мамырда жарма - 2,9%-ға, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері - 2,1%-ға, консервіленген сүт - 1,9%-ға, тоқаш пен ұннан әзірленген кондитерлік өнімдер - 1,4%-ға, балық пен теңіз өнімдері - 1,3%-ға, сүт өнімдері - 0,5%-ға, ашытылған сүт өнімдері - 0,4%-ға, ет, алкогольсіз сусындар - 0,3%-ға, ірімшік пен сүзбе бағалары 0,1%-ға көтерілді. Сонымен қатар, жұмыртқа - 2,5%-ға, қара байха шайы - 1,3%-ға, құмшекер - 0,8%-ға, күнбағыс майы - 0,6%-ға, май мен тоңмай - 0,3%-ға, тауық бағасы 0,1%-ға төмендеді.

Жармалар тобында арпа жармасы - 8,9%-ға, мәни жармасы - 6,6%-ға, сұлы жармасы - 6,1%-ға, тары 2%-ға қымбаттады. Көкөністерден, басты пияз - 85,3%-ға, сәбіз - 45,9%-ға, қызылша - 42,4%-ға, картоп - 29,7%-ға қымбаттап, аққауданды қырыққабат - 63,5%-ға, қияр - 25%-ға, қызанақ 19,7%-ға арзандады.

Жуу және тазарту құралдары - 5,2%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 3,8%-ға, тұрмыста және бақша өсіруде пайдаланылатын құралдар мен техника - 2,5%-ға, шыны ыдыстар, асханалық аспаптар мен үй әбзелдері, жеке бас күтіміне арналған өзге де заттар, аспаптар мен тауарлар - 2,1%-ға, тұрмыстық приборлар - 1,5%-ға, киім мен аяқкиім - 1,4%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдар - 1,1%-ға, автомобиль 0,7%-ға қымбаттады. Бензин 0,5%-ға қымбаттап, дизель отыны 0,5%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер саласында негізгі емес тұрғын жайды жалға алудың нақты жалдау төлемі - 15,4%-ға, тұрғын жайларды ағымдағы ұстау мен жөндеу қызметтері - 1,1%-ға арзандап, экскурсия мен демалыс жолдамалары 16%-ға қымбаттады. Алыс жолға қатынайтын жолаушылардың теміржол көлігінің тарифтері - 7,7%-ға, алыс жолға жүретін жолаушылардың автомобиль көлігінің қызметтері - 2,9%-ға, жолаушылардың әуе көлігінің қызметі 1,3%-ға артты.

Похожие материалы