Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада бір айда 1 млн-нан астам жолаушы WI-FI пайдаланған

Астанада бір айда 1 млн-нан астам жолаушы WI-FI пайдаланған

Өткен айда елордалық автобус жолаушылары интернет-трафиктің 2,5 мыңнан астам гигабайтын пайдаланған. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында «Астана LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова хабарлады.

«30 күнде интернетті пайдаланғандардың саны 1 млн. 26 мың адамды құрады. Орташа алғанда бір автобуста тәулігіне 114 пайдаланушыдан келіп отыр.  Өткен айда жолаушылар шамамен 2565 Гигабайт трафикті қолданды, шартты түрде есептегенде бұл бір адамға 2,5 Мегабайттан келеді. Жүргізілген сараптама жұмыстарынан Астана тұрғындары әуен тыңдауға, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы достарымен байланысуға  әуес», - деді А. Жамалова. Өткен айда жүйеде ақаулық байқалғаны, бұл жоба пилоттық режімде енгізілгені және оны сынау жұмыстары жалғасып жатқандығымен байланысты екенін айтты. Еске сала кетейік, 1 шілдеде Астанада «WI-FI Bus Astana» пилоттық жобасы іске қосылған. Осының аясында жолаушыларды тасымалдайтын автобустар арнайы роутерлармен жабдықталған. Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Похожие материалы