Астана. 30 мамыр. 7kun.kz - Астана қаласында жаңа Coca-Cola зауытының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды kursiv.kz.
Зауыт құрылысы 2014 жылы басталып, 2016 жылы аяқталды. Жоба жетекшілерінің сөзінше, зауыт өндіріс бойынша рекордтық көрстекішке 2020 жылы жетеді.
«Қазақстанда демографиялық ахуалдың артуына және инвестициялық жобалардың өзіндік құнының төмен болуына байланысты үлкен мүмкіндіктер бар. Соңғы 5 жылда Қазақстандағы Coca-Cola icecek компаниясының жылдық өсу қарқыны 20%-ды құрады. Бұл Қазақстандағы инвестиция табысының артуына жол ашады", - деді Сoca-Cola icecek компаниясының бас директоры Ахмед Эртин.
Зауыт құрылысының құны 80 млн долларды құрады. Соңғы 10 жылда аталған компания Қазақстанға 250 млн доллар көлемінде инвестиция салған. Сондай-ақ, алдағы 3 жылда корпорация 50 млн доллар салуды жоспарлап отыр.
Астанада ашылған зауыттың қуаттылығы жылына 100 млн литр сусын өндіруге жетеді. Қазіргі уақытта зауытта 150 жұмыс орны құрылған. 2020 жылға дейін штаттағы қызметкерлер санын 400-ге дейін көбейті жоспарланған.