2014 жылдың 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында «Астана-АЭК» АҚ инвестициялық жобаларды 991 млн теңге көлемінде қаржыландырды. Нәтижесінде ескірген құрылғылар мен кабель бағаналары ауыстырылды, жұмыстың сенімділігін арттыру барысында жоғарғы қуатты трансформаторлар орнатылды.
Жеке секторлардың энергияны коммерциялық есептеудің автоматты жүйесі (ЭКЕАЖ) жалғасып жатыр. ЭКЕАЖ-дың бірыңғай бағдарлама кешенін қамтамасыз ету жолға қойылды. 130 млн теңге көлемінде "Киров" қосалқы бекетін жөндеу ұйымдастырылды.
Биылғы қаржы өткен жылға қарағанда 70 %-ға өскен. 2015 жылдың 8 айында 823 млн теңгеге түрлі іс-шаралар жүзеге асты. ЭКЕАЖ жеке секторлар қажетті құрылғылармен толықты.
Бағдарлама бойынша 2015 жылы желінің табиғи тозуы 1%-ға және энргия жұмсалымы 12,7 %-ға дейін төмендету жоспарланған. Халық электр энергияның 13 868 Квт/с пайдалануға мүмкіндік алады.