Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада ЭЦҚ-ның мобильдік нұсқасы таныстырылды

Астанада ЭЦҚ-ның мобильдік нұсқасы таныстырылды
 Бүгiн Астанада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ журналистер үшiн Электрондық цифрлық қолтаңбаның мобильдiк нұсқасының алдын ала таныстырылымы мен тестiлеуiн өткiздi. БАҚ өкiлдерi SIM-картаға жазылған мобильдiк үкiметтің электрондық сандық қолтаңбасымен бiрiншi болып танысты, деп жазады BNews.kz. «Мобильдiк үкiметтiң жобасы мемлекеттiк қызметтердi ұялы телефондар арқылы алудың мүмкiндiгi болып табылады. Мысалы, сiз өзiңiздң ұялы телефоныңызға App Store немесе Play Market-ке кiрiп, қосымшаны жүктейсiз. Алдымен өзiңiз туралы бiрқатар мәлiметтердi енгiзу керек болады. Дәл осы жерде сiздiң ЖСН-ңыз, сiздiң профилiңiздiң ұялы телефонмен байланысы орнатылады. Бұл қадам өте маңызды, себебi, ұялы телефонды көрсетпеген жағдайда мобильдiк үкiмет ол азаматпен байланыста бола алмайды. Осыдан кейiн пайдаланушы үшiн барлық қызметтер қолжетiмдi болады», - дейдi мобильдiк үкiмет жобасының жетекшiсi Гүлмира Исабекова. Мобильдiк қондырғыны орнатқаннан кейiн файлдық сертификат түрiндегi ЭЦҚ-ны телефонға көшiру керек. Айта кету керек, 2015 жылы ЭЦҚ-ны жазу мүмкiндiгi бар SIM-карталарды шығару жоспарлануда және бұл iске ең алдымен «Алтел» АҚ компаниясының ұялы байланыс операторы қатысатын болады. Мобильдiк ЭЦҚ-ны қолдану пайдаланушыларға қызметтерге SMS және USSD арқылы қол қоюға мүмкiндiк бередi. «Егер, SIM-картаға жазылатын мобильдi қолтаңба жайында айтар болсақ, мұнда да балама iс-әрекеттер орындалады және ол тамыз айының ортасынан бастап сатылымға шығарылады деп күтiлуде. Пилоттық режимде аталған SIM-карталар Астана мен Алматы қалаларында ғана қолжетiмдi болмақ. Басқа операторлар да осы жылдың соңына дейiн мобильдiк ЭЦҚ бар SIM-карталарды ұсынатын болады деп күтiлуде. SIM-картадағы ЭЦҚ бұл кiлтке арналған дәл сондай қойма болғанымен, ол әлдеқайда қауiпсiз болып саналады. Себебi, оның көшiрмесiн жасауға, орнын ауыстыруға болмайды. Егер, оны жоғалтып алған болсаңыз,сiз кез келген уақытта оны керi қайтара аласыз», - деп мәлiмдедi Г.Исабекова. ЭЦҚ-ның басты ерекшелiгi – оны интернет жоқ және түрлi қондырғыларды қабылдамайтын ең қарапайым телефондарға да орнатуға болады. Пайдаланушыларға бар болғаны SMS жолдап, SIM-картаға жазылған ЭЦҚ-ны қоюы керек. Содан кейiн оған қызмет нәтижесi мен анықтаманың ерекше коды бар хабарлама келедi. Анықтамалар электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетке келiп түседi.  

Похожие материалы