Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада «Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер және перспективалар - 2017» форумы өтеді

Астанада «Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер және перспективалар - 2017» форумы өтеді

Астана. 11 қыркүйек. 7kun.kz — Астана қаласында 2017 жылғы 19-20 қазан аралығында «Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер және перспективалар - 2017»  халықаралық форумы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Халықаралық форумның мақсаты экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ғарыштық қызмет нәтижелерін пайдалану жөніндегі тәжірибені талқылау мен  алмасу болып табылады.

Форумды өткізу отандық және әлемдік ғарышкерліктің жетістіктерін кеңінен таратуға, Қазақстанның ғарыштық жобаларының инвестициялық тартымдылығының дамуына, әлеуетті тұтынушыларды (мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жеке ұйымдар, қаржылық институттар), Қазақстан Республикасының ғарыштық кәсіпорындары ұсынатын қызметтерді тартуға жәрдемдеседі.

Аталған шараға ғарыштық ведомстволар мен мемлекеттік органдардың 400-ден астам өкілі, спутниктік жүйелер мен ғарыштық технологиялар жөніндегі әлемдік жетекші компаниялар мамандары, атақты ғалымдар қатысады деп күтіліп отыр.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы