Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ІІІ Астана интернет форумы өтіп жатыр

ІІІ Астана интернет форумы өтіп жатыр

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "НұрОтан" партиясының қолдауымен ІІІ Астана Интернет форумы өтіп жатыр.

Интернет форумның биылғы тақырыбы - интернеттің қазақстандық сегменті және ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздік мәселесі. Аталған тақырып аясында ақпарат кеңістігіндегі қауіпсіздікті қорғаудың контенттік-мазмұндық сипаты, интернеттегі тақырыптарды тексерудің жолдары, ақпараттық қысым және жалған ақпараттандыру, әлеуметтік желілердегі діни-экстремистік насихат мәселелері талқылануда.

Форумның басты мақсаты - қазақ тілді интернет жасаушылардың, қазақ тілін пайдаланушылардың, сайт құрушылардың басын қосып, тәжірибе алмасу.

Сондай-ақ, кешке дейін жалғасатын форумда екі аудиторияға бөлінген ІТ мамандары «Ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қорғаудың саяси-әлеуметтік аспектілері» және «Ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қорғаудың техникалық аспектілері» атты тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді.

Форум аясында "Sanaq.kz" сайттар конкурсының жүлдегерлері анықталып, марапатталады.

Похожие материалы