Астана. 19 желтоқсан. 7kun.kz - 19 желтоқсанда сағат 8:00-20:00 жерүсті жаяу жүргіншілер жолын сынауға байланысты Д. Қонаев көшесінің Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды.
Тиісті жұмыстар жүргізілген кезде көлік жүргізушілерінен жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Фото: yvision.kz