Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада кәсіпкерлерден ақша бопсалайтын алаяқтар пайда болды

Астанада кәсіпкерлерден ақша бопсалайтын алаяқтар пайда болды
 

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті өздерін "қаржы полициясымыз" деп таныстырып жүрген бір топ алаяқтар пайда болғанын ескертеді.  Бұл жөнінде kapital.kz хабарлайды.

Алаяқтар компанияларға келіп, жалған құжаттарын көрсетіп, танысады. "Ары қарай клиентті "психологиялық өңдеу басталады". Құжаттардан қаржылық заң бұзушылықтар анықтағанын, тексеріс нәтижесін өзгерту үшін ақша берсе, көз жұма қарайтынын айтады", - деп хабарлайды Мемлекеттік кіріс департаменті . Ведомствода кәсіпкерлерге арналған мынадай ұсынымдар бар:
  1. Егер сіз ақшаны қолма-қолға айналдырып алумен айналысатын компаниялармен істес болсаңыз, Экономикалық тергеу Қызметі сотқа дейінгі тергеу аясында сізді ресми түрде жауап беруге шақыруы мүмкін. Ары қарай іс жүргiзу заңының талаптарына сәйкес қажетті әрекеттер жүзеге асырылады.
  2. Алаяқтарға байланысты Ішкі қауіпсіздік департаментіне немесе ведомство басшыларына хабарласыңыздар. Оларға қатысты тиісті жаза қабылданылады.
 

Похожие материалы