Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Елордада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Астана қаласының Әсет Исекешев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін дамыту мәселесі ерекше қозғалды, деп хабарлады "Атамекен" ҚР ҰКП Басқармасы.
Осы уақытқа дейін Астанада жалпы сомасы 82,1 млрд теңге болатын 20 жоба жасалды. Астана қаласында фото-бейнефиксация бойынша бір жоба жүзеге асырылып, 6 балабақша бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарты жасалған. Қосымша 13 жоба бойынша тұжырымдама дайындалып жатыр.
Кездесу барысында «КДЛ Олимп» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов жеке меншік медицина саласын дамыту туралы ой бөлісті.
«Мемлекеттік тапсырыс бойынша, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жекешелендіру жұмысында тәжірибеміз мол. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын жүзеге асыру мемлекетке де, бизнеске де тиімді. Халыққа қызмет көрсетудің сапасы жақсарып, кезек көлемі азайып, медициналық көмекті уақытылы алуға болады. Мемлекет қайта жабдықтау, кешенді жөндеу жұмыстарына шығынды азайтады. Маман іріктеу, оқыту, емханаларды қамтамасыз ету мәселелерін де жеке меншіктің шешуіне береді», - деді Ерлан Сүлейменов.
Қауымдастық өкілінің айтуынша, бүгінде такси көліктері BUS LANE жеке жолағын пайдаланып, жолда жүру уақытын үнемдеп, қызмет сапасын жақсартқан. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде 540 мыңнан астам жолаушы тасымалдаған. Сонымен қатар елордалық такси компаниялары ASTANA TAXI бірыңғай брендіне біріктіліп, автокөліктерге таксометрлер орнатылған. Такси шақырту үшін арнайы қысқа нөмір мен мобильді қосымша жасалған, барлық тасымалдаушылар үшін бір диспетчерлік орталық құрылған. Сонымен қатар арнайы киім формасы мен әуежай, вокзал аумағынан автотұрақ қарастырылған. Қауымдастық мүшелері «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын пайдаланады.