Экономика
Астанада қоғамдық көлікке арналған қосымша үш жолақ салынып жатыр
3 қыркүйектен бастап Астанада қоғамдық көлікке арналған қосымша үш арнайы жолақ енгізіледі. Бұл жөнінде motor.kz хабарлайды.
Бүгінде ҚР Жол қозғалысы ережелері талаптарына сәйкес, жол белгілері, ақпараттық паннолар қойылып жатыр, деп хабарлайды Astana LRT баспасөз қызметі.
Қосымша арнайы жолақтар мына көшелерде пайда болады: Пушкин көшесінен Тах Хусейн көшесіне дейін, Тәуелсіздік көшесінен Абылайхан көшесіне дейін, Бейсеков көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін.
Бірінші бөлімшенің ұзындығы - 0,92 км. Ол жерден 10 маршрут (2159 автобус) өтеді. Екіншісінің ұзындығы - 1,59 км. Ол жерден 14 маршрут (2525 автобус) жүріп өтеді. Үшінші бөлімшенің ұзындығы - 6,65 км. Ол жолмен 7 маршрут (1321 автобус) өтеді.