
Нұр-Сұлтан. 27 шілде. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ол жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Капаровты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.