Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада ҚР президентін ұлықтау рәсімі өтті

Астанада ҚР президентін ұлықтау рәсімі өтті

Астанада Тәуелсіздік сарайында ҚР-ның қайта сайланған президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті деп хабарлайды 7kun.kz

Н.Назарбаев Тәуелсіздік сарайына салтанатты шеру арқылы келді. Президентті Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, генерал-майор Амантай Күреңбеков қарсы алды. Ұлықтау рәсімі кезінде мемлекет басшысы ант етіп, оған Қазақстан Республикасының Президентінің куәлігі тапсырылды. Осыдан кейін әскери шеруді қабылдау рәсімі өтті.

Ұлықтау рәсімі республикалық телевизиялық арналардан тікелей эфир арқылы көрсетілді. Президенттік шерудің қозғалысын түсіру тікұшақ арқылы да жүргізілді.

Осы жылдың шілдесінде 75 жасқа толатын  Н.Назарбаев 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасын басқарып келеді. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен мерзімінен тыс президенттік сайлау кезінде Н.Назарбаевты дауыс берушілердің 97,75 % пайызы таңдап, жаңа мерзімге сайланды. Конститутция бойынша, Қазақстан президенті 5 жылға дейін мемлекет басқара алады.

Похожие материалы