Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада құрылыс фирмасы банкрот деп танылды

Астанада құрылыс фирмасы банкрот деп танылды

Астана. 4 сәуір. 7kun.kz - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индустрия жилья-НС» ЖШС-нің арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

ЖШС-тің негізгі қызметі - тұрғын үй ғимараттарын салу. Сотта борышкердің 2 миллион теңгеден аса салық қарызы бар екені анықталды. Салық заңнамасына сәйкес, қарызды өндіру мақсатында «Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ мәжбүрлеу тәсілдерін қолданылған. Алайда ол шаралар нәтиже бермеді. Компания төлеуге қабілетсіз болып, тіркеу мекен-жайы бойынша табылмады.

Сот шешімімен  «Индустрия жилья-НС» ЖШС-нің банкрот деп тану туралы арызы қанағаттандырылды. Шешім дереу орындалуы қажет.

Похожие материалы