2015 жылы 8 ай ішінде Астана қаласында жеке тұрғын үй құрылысының 67 нысаны мен алаңы 1,197 шаршы метр болатын 74 көпқабатты үйлер кешені тұрғызылды. Құрылыстың жалпы көлемі былтырғы жылға қарағанда 74%-ға өсті. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазіргі таңда 18 млн шаршы метр тұрғын үй кешенін тұрғызу үшін 821 жер телімдерін игеру енгізіліп жатыр. Құрылыс кезеңінде 270 нысан бар. Бұл - көлемі 5,1 млн шаршы метр болатын 76 мың пәтердің құрылысы. Нысандарды салушы фирмалардың саны - 170», - делінген ведомствада.
Астананың бекітілген басты жоспарына сәйкес, 2030 жылы қоныстанған 1,2 млн адам саны бойынша тұрғын үй қорының 37,2 шаршы метрі 30 шаршы метр есебінен 1 адамға тиесілі болады. Ведомства анықтамасы бойынша, елордада 2005 жылдан бері жыл сайын 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.
Елорда ауысқан соң, Астананың тұрғын үй қоры 14 млн шаршы метрге өсті. 2015 жылдың 1 қыркүйегінде қаланың тұрғын үй қоры 18,4 млн шаршы метр болды. 2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй нысандары 1,2 млн шаршы метрдан асқан. 250 жеке тұрғұн үй құрылысы аяқталып, 120 көпқабатты үй кешендері салынды.