Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

Астана. 8 маусым. 7kun.kz - 8 маусым күні Астанада ШЫҰ қатысушы елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді.Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

ШЫҰ қатысушы елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі шеңберінде Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери үрмелі оркестрлерінің «Бейбітшілік кернейі» атты 3-ші халықаралық фестивалі өтеді.

ШЫҰ қатысушы елдері әскери музыканттарының фестиваліне Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы әскери оркестрлерінің жеке құрамы қатысады.

ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрдің музыканттары қазақтың ұлттық нақыштағы әуендеріне аса мән беріп, сазгерлеріміздің әйгілі музыкалық шығармалары мен қазақтың ұлттық әндерінен попурри ұсынғанын естеріңізге сала кетейік.

Похожие материалы