Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада студенттер автобуспен тегін жүрмек

Астанада студенттер автобуспен тегін жүрмек

Астана. 1 қараша. 7kun.kz – Елордада автобустарда тегін жол жүруге құқығы бар тұрғындардың тізімі өзгерді. Мәслихаттың аталған шешімі тек жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын білім мекемелерінің күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне қатысты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін қоғамдық көлікпен тек кәмелеттік жасқа толмаған балалар ғана тегін жүрген. Енді әлеуметтік осал топтағы 18 жасқа толған балалар да қоғамдық көлікпен тегін жүруі мүмкін. Енді олардың да көлік картасы мемлекет есебінен толтырылады.

Жеңілдікті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балалар мен табысы бір адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының балалары ала алады.

Похожие материалы