Астана. 5 сәуір. 7kun.kz - Сәуірдің 7-8 аралығында түнде «Теміржол вокзалы – Халықаралық әуежай» арасында № 200 түнгі бағдар еңгізіледі. Автобус тестілік режимде іске қосылады. Бұл туралы astana.gov.kz жазады.
Астана қаласы жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бағдар «Теміржол вокзалы – Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Кенесары көшесі – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Тұран даңғылы – Достық көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – «Пригородный» т/а – Халықаралық әуежай» арқылы жүреді.
Жол жүру ақысы - 150 теңгені. Қозғалыс интервалы 30 - 60 минут.
[caption id="attachment_66336" align="alignnone" width="1000"] Фото: astana.gov.kz[/caption]