Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада Тамғалы тас пен Шарын шатқалы пайда болады

Астанада Тамғалы тас пен Шарын шатқалы пайда болады

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz - Астананың 20 жылдығына Алматы облысы мен BI Group холдингі бірлесіп, «Арай» саябағын абаттандырып, елорда тұрғындарына ерекше сый жасауды қолға алды. Сыртқы келбеті өзгерген саябақтың жаңа атауы «Жетісу» деп өзгеретін болады.

Жаңа жоба бойынша саябақ төрт негізгі бөліктен тұрады. Біріншісі – тыныш серуенге арналған. Екіншісі - орталық аллея, үшіншісі - балалар ойын алаңы, төртіншісі - тамақтану аймағы, одан ары автотұрақ аймағы орналасады. Сондай-ақ, саябақта ұзындығы 1,5 км болатын велосипедшілер мен жүгіру жолдары болады.

Саябақ кіреберісінде үлкен арка орналасады. Сондай-ақ, субұрқаққа апаратын жаяу жүргінші жолы, Алматы облысының көрікті жерлері (таулары, шатқалдары мен өзендері) көрініс табатын «Апорт» алаңы салынады. Әр түрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңқайлары бар Тәңір алаңы болады. Тамғалы тастың петроглифтері, Шарын шатқалы және амфитеатр салынады.

Алаңның ортасында хош иісті шөптер, гүлдер, сәндік бұталардан тұратын Қазақстан картасы демалушылардың сүйікті орындарының біріне айналмақ.

Шаршы алаңда Балқаш көліне келіп құятын Жетісудың жеті өзені ағып тұрғандай әсер беретін сәулеттік идея жүзеге асырылады. Орталықтан Ұлы Жібек жолы өтіп жатады. Кіреберіс аркадан келушілерді керуеншісі бар керуен көші қарсы алады. Ал кіреберіс арка бір идеяға үйлестірілген жеті аркадан тұрады.

Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар балаларға да арналған ойын алаңдары салынады.

Жалпы «Жетісу» саябағында белсенді демалысқа қажеттінің бәрі болады.

Барлық жұмыстарды 2018 жылдың 30 маусымында аяқтау жоспарлануда.

Ресми ашылу күніне қонақтарға ойын-сауық бағдарламасы, экскурсиялар, фестиваль, кешкі шоу, ашық аспан астындағы кинотеатр және концерт беріледі.

Похожие материалы