Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада үйдің кіреберісінде 75 жастағы әжені тонап кетті – видео

Астанада үйдің кіреберісінде 75 жастағы әжені тонап кетті – видео

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Астанадағы Жұмабаев белгісіз біреу зейнеткерді тонап кетті, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

75 жастағы зейнеткер үйінің кіреберісінде белгісіз біреудің 140 мың теңге салынған қол сөмкесін ұрлап кеткенін айтып, полицияға арызданған.

Зейнеткердің айтуынша, ол күндіз банкоматтан зейнетақысын алған. Азық-түлік алу үшін жолай дүкенге кіріп, үйіне қайтқан. Көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адамды жолықтырады. Ол әжейге 4-қабаттағы пәтерге пакеттері мен сөмкесін апаруға көмектесетінін айтқан. Зейнеткер ештеңеден күдіктенбестен, сөмкелерін бейтаныс адамға беріп, оның соңынан баспалдақпен көтерілген.

Ер адам 4-ші қабатқа тез көтеріліп, әжейді пәтердің алдында күтіп тұрған. Күдікті оған сөмкелерді беріп, тез тайып тұрады. Бір-екі сағаттан кейін жәбірленуші сөмкесін тексеруді ұйғарып, ақшаның жоқ екенін аңғарған. Алматы ауданы ПБ-ның қызметкерлері жедел іздестіріп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 38 жастағы күдіктіні анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Похожие материалы