
Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Астана қаласындағы № 3 Перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
"19 ақпанда кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Екі ұл мен бір қыздың салмағы 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм", - деп мәлімдеді перинаталдық орталық өкілдері.
Айта кетейік, үшемнің отбасында бұған дейін де егіздер дүниеге келген.