Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанадағы жылыту маусымы: мұқтаждарға көмір сатып алуға көмек көрсетіледі

Астанадағы жылыту маусымы: мұқтаждарға көмір сатып алуға көмек көрсетіледі

Астана. 11 қыркүйек. 7kun.kz — Өткен екі жылыту маусымында қала билігі өтініш берген 1262 адамға көмек көрсетілді, атап айтқанда 21,33 млн теңгеге көмір сатып алынды, деп xабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы. 

Зейнеткерлерге, әлеуметтік әлжуаз санатындағы отбасыларға көмір сатып алуға көмек көрсетіледі. Биыл құжаттар 15 қазаннан бастап қабылдана бастайды. Әлеуметтік көмек жеке секторда тұратын жас бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедектігі бар балаларға арналған. Көмек жоғарыда көрсетілген санаттағы кірісі 73 мыңнан аспайтын адамдарға беріледі. 

"Мәселен, айына 200 мың табатын отбасы мүшесі үйіндегі жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне бөледі, сол кезде қаражат 73 мыңнан аспаса, көмек алуға өтініш жаза алады. Әрине бұл жоғары көрсетілген санаттағы адамдар үшін",- деді Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы Бибінұр Ахмадиева.

Жылыту маусымына өтемақы 8 АЕК мөлшерінде іске асырылады. Жылыту маусымы - қазан-сәуір аралығы. Егерде бір үйде көмек ала алатын бірнеше адам тұрса, өтемақыны тек біреуі ғана ала алады. 

"Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш берушіге Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына келу керек. Құжаттар ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап Достық, 13 мекенжайы бойынша қабылданады. Келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, отбасы құрамы туралы мәліметтер, кіріс туралы мәліметтер, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі-зейнеткерлер үшін, мүгедектік туралы анықтама-мүгедектер үшін, жылжымайтын мүліктің бар екендігі немесе жоқтығы туралы анықтама. Құжаттардың түпнұсқасы керек, көшірмесі де болу керек",- деді Бибінұр Ахмадиева.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы