Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада 23 600 адам жұмыссыз

Астанада 23 600 адам жұмыссыз

Астана статистика Департаментінің мәліметіне сүйенсек, жалпы белсенді халық 452 500 мың адам болса, соның 23 600 адамы жұмыссыз. Пайыздық көрсеткіш бойынша, жұмыссыздық үлесі 5,2%. Бұл жөнінде Елорданың баспасөз қызметінде хабарланды.

Жұмыссыздықпен күреске баса назар аударылатынын қала әкімі Әділбек Жақсыбеков есеп беру кездесуінде атап өтті. Осылайша 2015 жылы Астанада 18 700 жаңа жұмыс орны пайда болатын болады.

«Біздің негізгі мақсатымыз мамандық бойынша жұмысқа орналастыру, бос орындардың тізімін кеңейту», – дейді Әділбек Жақсыбеков.

Әкім қаланың тиісті мекемелеріне алдағы уақытта нақты ұйымдастырушылық шараларын өткізіп, жұмыссыздық көлемін азайтуды тапсырды.

Ақпарат көзі: kapital.kz

Похожие материалы