Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада жылу тарифі қымбаттады

Астанада жылу тарифі қымбаттады

Астана. 21 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана-Теплотранзит» АҚ табиғи монополиялар субъектісінің жаңа тарифтік саясаты іске қосылды, онда бекітілген 2016-2020 жж. арналған ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істеу қарастырылған. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлады. 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу энергиясын тасымалдау тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1070 теңге мөлшерінде бекітілді, өсім 7% құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылы нақты инфляция 13,6% болған.

Жылу энергиясын тасымалдау қызметінің қымбаттауына инвестициялық салымдардың артуы, жылу желілерін ұстау мен пайдалану үшін қажетті энергоресурстар, шикізат пен материалдар бағасының көтерілуі себеп болды.

Айта кетейік, Астанада тарифтердің ең төмен орташа көрсеткіштерінің бірі тіркелген, бұл ретте елорда 14-ші орында.

Похожие материалы