Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанадағы төрт тұрғын ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

Астанадағы төрт тұрғын ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz –  Астанадағы Көктал-2, Ильинка, Өндіріс және Железнодорожный тұрғын үй алаптарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобалы-сметалы құжаттамасы жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл басталмақ, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жоба бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ішінде әмбебап спорт залдары, күрес және бокспен айналысатын залдар, ХҚКО-ның бөлімі, егде жастағы адамдардың қызығушылығы бойынша клубтар, медпункт және полиция бөлімшелері, кітапханалар, балалардың қысқа уақытқа қалатын бөлмелері, буфет және басқа да қосымша бөлмелер болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бірінші қабатқа кедергісіз жету жолдары және  екінші қабатқа мінуге арналған лифт, санитарлық тораптармен жабдықталады. 

Мекеменің жалпы ауданы 2600 шаршы метр, жоспардағы көлемі - 45,0х48,0 метр. Бір ауысымда кешенге келетін адамдардың максималды саны: 260 клиент, 36 қызметкер.

Жобада энергияның альтернативті көзі ретінде  гелиоқұрылғылы күн электр панелдері қарастырылған. Кешендер көлік қоятын орындармен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, Астанада «Шетсіз қала» бағдарламасы жүзеге асуда, оның аясында қала әкімшілігі дамып келе жатқан аудандар мен тұрғын алаптарында өмір сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Похожие материалы