Астана. 2 қараша. 7kun.kz – Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарасора тобына жататын есірткі заттарын елордаға жеткізудің тұрақты арнасын жойды. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылғы 29 қазанда Полиция департаменті бөлімшелерінің қатысуымен есірткі тасымалдаушысы ұсталып, оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1.5 келі марихуана алынды», – делінген хабарламада.
Есірткілердің жалпы салмағы 32 келі гашиш пен 1.5 келі марихуананы құрады.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.