Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астаналықтар кеңсе техникасын сататын компаниядан абай болуға шақырады

Астаналықтар кеңсе техникасын сататын компаниядан абай болуға шақырады

Алматы. 9 наурыз. 7kun.kz — Астана қаласында компьютерлік техника саудасымен айналысатын алаяқ компанияның ісі жария болды. Бұл туралы желі қолданушысы Бекжан Әлімқұлов өзінің facebok парақшасында жазды.

Ол өзінің 2016 жылдың маусымында Yanscom ЖШС-мен істес болып, оларға 6,6 миллион теңгеге алданып қалғанын айтқан. Құжаттарды тіркеу бойынша барлығы тек заңгер арқылы жүзеге асқанына қарамастан, аталмыш компания өз міндеттерін орындамаған.

Бекжан Әлімқұлов «Yanscom ЖШС Янсыбаева Тамара Сергеевна басқарады. Кеңселері Астана қаласы Уәлиханов көшесіндегі «Жаннұр» ойын-сауық орталығының арт жағында орналасқан. Бірінші қабатта шоу-рум, екінші қабатта ІТ мамандары отыратындықтан, кеңсенің өзі көңілге сенім ұялатады. https://www.yanscom.kz — мынау сайттары, интернеттегі жарнамалары көп», — дейді.

Ол аталмыш компанияның адамдарды өздеріне осылай тартып, кейіннен тапсырысты кешіктіре беретінін ескертеді. Зардап шеккен компаниялардың саны — 11. Бұл туралы толық ақпаратты http://office.sud.kz осы сілтеме арқылы алуға болады.

Зардап шеккен фейсбук қолданушысының айтуынша, бұдан бөлек Тамара Сергеевнаның «YANSCOM Association of IT professional» деп аталатын тағы бір компаниясы бар. Ол жердегі әдіс бір.

Заң бойынша екі компанияның да қызметіне тыйым салынған және  олардың жалпы қарызы 100 млн теңгеден асып кеткен.

Айлакерлігін жалғастыру үшін Янсыбаева Тамара «Сежавури» ЖШС деп анасының атына компания ашады.

Фейсбук желісінің қолданушысы «Достар, сақ болыңыздар, олар әлі де айлакерлігін тоқтатқан жоқ»  деп ескерту жасаған.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада жақында алаяқтық жолмен табыс тауып жүрген брокерлік компаниялардың пайда болғаны туралы жазған болатынбыз.

Похожие материалы