Алматы. 27 қараша. 7kun.kz - "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Шапағат" коммуналдық базары " компаниясының жарғылық капиталына қатысу үлесін 100% аукционға қойды.
Сауда-саттық 2018 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10: 00-де өтетін болады. Бастапқы бағасы - 1 млрд 329 млн 971 мың теңге, кепілдік жарна 72 млн 150 мың теңгені құрайды.
Тендердің жеңімпазы компания профилін 10 жыл бойы сақтауға, жалға алу құнын 3 жыл бойы ұстап тұруға және сауда орындарының санын қысқартпауға міндетті. Бұдан басқа, электронды тендер шарттарына сәйкес, азық-түлік тұрақтандыру қорынан өнімдерді сату үшін нарықта кемінде бес еркін сауда орны болуы керек.