ИДМ басшысының айтуынша, 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 878 млрд теңге сомасына 130 жоба енгізілген, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Картаның енгізілген жобаларымен 2016 жылы 2,2 триллионнан астам теңге сомасына өнім шығарылды. Картаның енгізілген жобалары есебінен 2016 жылы өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінен шамамен 18,5% өндірілген.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, өңдеуші сектор тау-кен өндіру салаларындағы құлдырау жағдайында (2015 жылға - 2,7%) тұрақты нақты өсімді көрсетті (2015 жылға +0,7%). Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім, бірінші кезекте, басымдықты секторлардағы өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты: түсті (8,5%-ға) және қара (3,3%-ға) металлургия, ауыл шаруашылығы техникасы (5,6%-ға), азық-түлік өнімдері (3,9%-ға), агрохимия (3,1%-ға), мұнай өңдеу (0,4%-ға).