Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Atameken Business Channel» телеарнасының құрылғанына 1 жыл толды

«Atameken Business Channel» телеарнасының құрылғанына 1 жыл толды

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Бүгін Atameken Business Channel  телеарнасының құрылғанына  1 жыл толды.

Atameken ақпараттық порталы – қаржы, экономика, саясат,  сараптама, рейтинг, қорытынды мен болжамдар, валюта бағамы, құнды қағаздар, қымбат металдар, шикізат және шикізат емес ресурстар нарығы, банк, биржа, компаниялар жайындағы жаңалықтар топтамасы.

Atameken Business Channel  командасы – білікті мамандар мен ұйымдастырушылардан құрылған жас әрі жасампаз ұжым. Арнамен қатар ақпараттық порталдағы жаңалықтар оқырмандардың көзайымына айналды. Қазіргі уақытта телеарна эфирінен 60 ақпараттық және сараптамалық бағдарламалар халық назарына ұсынылады. Телеарна контенті 100% өз меншігінде жасалған және бағдарламаның 70% тікелей эфирде таратылады. Бұл жұмыстың бәрі – бір жыл ішінде атқарылған еңбек!

Atameken Business Channel –  бизнес жаңалықтарын тарататын қазақстандық мультимедиялық  арна.  Агенттік интернет және телеарна саласындағы негізгі контенттік платформаларда ұсынылған.  2017 жылдың 3 мамырында Atameken Business Channel телеарнасының байланыс желісі «Ямал-401» геостационарлық телекоммуникациялық жерсерікке көтерілді. Бизнес жаңалықтарын көрсететін Қазақстанның алғашқы мультимедиялық арнасы енді Ресей Федерациясының аумағында Калининградтан Владивостокқа дейін хабар таратуды бастайды.

Арна нәтижесі ұйымшыл ұжым қанжығасында «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық сыйлығының«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» атты аталымды жеңіп алды.

Айта кетейік, интернет-портал платформасында Atameken Business Channel жеке телеарна болып 2016 жылдың 23 мамырында іске қосылды, ал 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап арна «KazSat» кабельді тарату телекомпаниясының тізіміне еніп, отандық телеарналар арасында өз орнын еншіледі.

7kun.kz ақпарат агенттігі телеарна ұжымын құттықтайды. Әріптестеріміздің еңбегіне жеміс тілейміз!

Деректер: Palata.kz

Похожие материалы