Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«АТАМЕКЕН» дамудың жаңа мақсатты моделін таныстырды

«АТАМЕКЕН» дамудың жаңа мақсатты моделін таныстырды

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы дамудың жаңа моделін қабылдады. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық палата Төралқасының кеңейтілген отырысында айтты.

Эльдар Жұмағазиев жаңа жылдан бастап «Атамекеннің» маңызды міндеті- өнімді қаржыландыру және өткізу мәселелерін шешуде бизнеске көмек көрсету болатынын атап өтті. Бұл үшін клиенттік бағдарлану, фокустану және жобалық тәсіл принциптері бойынша функционал құрылымы қайтадан құрылатын болады.

«Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Біріншісі қаңтар айының басынан мамыр айының басына дейін өтеді. Біз 1,2 млн кәсіпкердің «ауласын» аралап шығамыз, бұл бірыңғай сандық база құруға мүмкіндік береді», - деді спикер.

Екінші кезең шеңберінде кәсіпкерлерге электронды сауалнама жүргізіліп, проблемалық мәселелерге талдау жасалады. Қорытынды кезең-кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдармен және Үкіметпен бірлескен іс-қимыл жоспарын пысықтау. Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, «Атамекенде» арнайы қызметтер тізілімі, өнімдердің жеке төлқұжаттары, тиісті қызмет көрсету регламенттері пайда болады.

ҰКП әр бағытқа арнап цифрлық шешім дайындайды. «Кредиттік агрегатор» сервисі қаржыландыруға арналған, өнімді өткізу үшін – «Жеткізушілердің, өндірушілердің және әлеуетті сатып алушылардың бірыңғай тізілімі» болады. «Atameken.Academy», ол бизнесті офлайн және онлайн режимде үйретеді. Ерекшелігі - бұл «топтамалық ұсыныстар» алаңы болмақ. Негізгі фокус - шағын және микро-бизнес.

Эльдар Жұмағазиев Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен келесі жылы Ұлттық палата 20 млрд теңге алуды жоспарлап отырған «Бастау» жобасын жүзеге асыруға  да тоқталды. 2018 жылы бес әлеуметтік бастама аясында Мемлекет басшысы бизнесті шағын несиелеуге қосымша қаражат бөлді. Ақша өткен жылы «Бастау» түлектерінің(1 300-ден астам ) жобаларын қаржыландыруға бағытталған.

"Келесі жылы олар әлдеқайда көп болады, себебі оқытылғандар саны екі есе артады, ал қаржыландыру деңгейі ағымдағы жылдың деңгейінде қалады", - деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

Кеңес барысында кадрларды даярлау мәселесі көтерілді. Бүгінде дуалды оқытуға кәсіпорындарда студенттерді оқытуға дайын 2300 компания тартылған. Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, ҚР БҒМ оқытуды практикалық негізге ауыстыру ұсынысын қолдады. Спикердің пікірінше, бұл колледждерге бөлінетін қаражатты босатып, тәлімгерлердің еңбегін өтеуге 10 млрд.теңге жұмсауға мүмкіндік береді.

Келесі жылдан бастап барлық мектептерде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін элективті түрде оқыта бастайды. Ол барлық өңірлерде пилоттық режимде іске қосылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ұлттық палата ҚР БҒМ бірлесіп түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі төмен ЖОО лицензиясын қайтарып алу туралы жұмыстар жүргізіп жатыр

Похожие материалы