Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Атамекен" ЖЗҚ атауын өзгертті

"Атамекен" ЖЗҚ атауын өзгертті

"Нұрбанк" акционерлік қоғамдастығының еншілес компаниясы "Атамекен" ЖЗҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан қайта тіркеуден өтіп, атауын "Атамекен Нұр Технолоджи S" АҚ деп өзгертті. Бұл туралы Қазақстанның қор биржасынан хабарлайды.

Осыған дейін  2015 жылдың ақпанында Нұрбанк "алдағы уақытта "Атамекен" ЖЗҚ қызметі мен қор атауының өзгеретіндігін" хабарлаған еді.

Ал 2014 жылдың қарашасында Нұрбанк басшысы Қаңтар Орынбаев Kapital.kz-ке берген сұхбатында "Атамекен" ЖЗҚ-ның зейнетақы кәсібімен айналыспайтындығын, басқа компанияға өзгеретіндігін мәлімдеген еді. "Бұл нақты шешім. Зейнетақы қоры басқарушы компания бола алмайды, бірақ әзірге қандай қызметте болатындығы белгісіз", - деді ол сонда.

 

Похожие материалы