Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АТФБанк депозиттер бойынша өтемақылар механизмін іске қосты

АТФБанк депозиттер бойынша өтемақылар механизмін іске қосты
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Ұлттық валютадағы (теңге) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақылар бағдарламасы аясында «АТФБанк» АҚ 2015 жылғы 15 қыркүйектен бастап жеке тұлғаларының депозиттері бойынша өтемақы механизмі іске қосылды. Бұл жөнінде "АТФБанк" баспасөз қызметі хабарлайды. «Біздің Банк екінші деңгейдегі өзге банктермен бірлесе, Ұлттық банктің басшылығымен өтемақыларды төлеу механизмінің өзін әзірлеуге қатысты. Сондықтан да біз ішкі процестерді жедел түрде жөнге келтірдік және салымшыларымызбен шарттарды қайта ресімдеуге дайынбыз. Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласуға болады. Біз бағдарлама талаптарына сай келетін депозиттері бар салымшыларды күтеміз», – дейді  АТФБанктің Атқарушы директоры Сергей Коваленко. Ұлттық валютада (теңгеде) ашылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақыны төлеу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітті.  Осы өтемақы бойынша бағдарлама салымшылардың қатысуына арналған келесі талаптарды қарастырады:
  • 2015 жылғы 18 тамызындағы жағдай бойынша ұлттық валютада ашылған қолданыстағы банктік мерзімді салым болуы тиіс (2015 ж. 18 тамыздағы жағдай бойынша әрекет еткен депозиттерге ғана айырма өтеледі);
  • 18 тамыздағы салым бойынша қалдық 1 млн теңгеден аспауы тиіс (50 тиыннан аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал 50 тиынға тең және одан жоғары сома 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді);
  • салымшы бір жылдан кем емес мерзімге, яғни 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін (қоса) арнайы шотта депозитті сақтау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін салым бойынша өтемақыны алу үшін АТФБанк клиенттері 2015 жылдың 1 қазанына дейінгі (қоса) мерзімде банктік салым шартын қайта ресімдеу үшін Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласулары тиіс. Бұл жағдайда депозитті қайта ресімдеу бұрынғы есептелген сыйақыны жоғалтусыз жүргізіледі. Жеке тұлғаның АТФБанкте әрқайсысындағы қалдығы 1 млн теңгеден аспайтын бірнеше депозиті болған жағдайда, өтемақы төлеу депозиттердің әрқайсысы бойынша төленеді. Сәйкесінше, депозиттердің әрқайсысы жеке-жеке қайта ресімделуі тиіс. Теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төлеуге қатысты толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

Похожие материалы