Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 62,7 млрд теңге болды

Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 62,7 млрд теңге болды
Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz - Атырау облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа өңірдегі Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды деп жазады премьер-министрдің баспасөз қызметі.  2017 жылы облыстың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 62,7 млрд тг құрады, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызды құрады. Бақытжан Сағынтаев Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылындағы мал шаруашылығы кешенімен танысты. «Сарайшық» асыл тұқымды мал шаруашылығының үлкен отар қойы, үлкен табын түйесі мен жылқылары және ет өңдеу цехы бар. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кәсіпорнының негізгі бағыты — заанен асыл тұқымды ешкілерін өсіру (еск., — әлемдегі ең сүтті ешкі тұқымы) және ешкі сүтін өндіру. Мұнда қолданылатын италиялық және сербиялық жабдықтар жылына 180 т ешкі сүті мен 140 т сүт өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Ферма директоры Розметовтың айтуынша, кеңейту аясында 450 асыл тұқымды ешкі әкелінді, бүгінгі таңда 300 бас мал төлі жиналды. Бірінші кезеңде 81 т пастерленген сүт, 21,6 т йогурт, ассортименттегі 15,3 т ірімшік және 4 т ешкі етін шығару жоспарланған. Сондай-ақ, фермада ана сүтінің пайдасынан кем түспейтін балалар тамағын шығару жоспарда бар. Жақын арада ешкі сүтінен балмұздақ пен май шығарылатын болады. Қазақстанда осы үлгідегі жоба алғаш рет жүзеге асырылып жатыр. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен құрылған шаруашылық бүгінде жеңілдікті несиенің басым бөлігін өтеген. Айта кету керек, Қазақстандағы ауыл шаруашылық кәсіпорнының дамуына Президенттің бес әлеуметтік бастамасының төртінші бағытын жүзеге асыру нәтижелері үлкен ықпалын тигізеді. 2018 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдікті несие беруді ұлғайту мақсатында қосымша 20 млрд теңге бөлінді, осылайша шағын несие берудің жалпы сомасы 62 млрд теңгені құрайды.

Похожие материалы