Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атырау облысында аудан әкімі суға батып кетті

Атырау облысында аудан әкімі суға батып кетті

Атырау облысы. 1 тамыз. 7kun.kz – Махамбет ауданының әкімі Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.

«2022 жылдың 31 шілдесінде сағат 22:38-де Махамбет ауданы ПБ-ның кезекші бөлімінен Атырау облысы Ортақшыл ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайда 1982 жылы туған аудан әкімі  суға батып кеткені туралы хабарлама келді», – делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Оқиға орнына қаладан Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының үш құтқарушысы мен бір техникасы, сондай-ақ Махамбет ауданынан ТЖБ бастығы аттанды.

Мән-жай анықталуда.

Айта кетейік, 2021 жылдың 2 ақпанынан бастап ауданды Ринат Жанқылыш басқарған еді.

Похожие материалы