Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атырау облысының тауар айналымының 97%-ы Ресейге тиесілі

Атырау облысының тауар айналымының 97%-ы Ресейге тиесілі

Негізінен Атырау облысы ЕАЭО-ға мүше елдерге мұздатылған балық пен күкіртті экспорттады және әр түрлі дайын өнімдерді импорттады.

«2019 жылғы қаңтар-сәуір айларында Атырау облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 109,7 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 13,8 млн доллар, импорт – 95,8 млн доллар», - деп хабарлады Атырау облысының статистика департаменті.

Бұл ретте тауар айналымының негізгі үлесі Ресей Федерациясына тиесілі. Өңір көршілес елге 12,7 млн долларға тауар экспорттады, ал 95,8 млн долларға тауар импорттады.

Беларусь Республикасымен өзара тауар айналымы тек 2,2 миллион доллар көлемінде импорттық тауарлармен ғана шектелді, Атырау облысы Қырғызстан Республикасына 1 миллион доллардан астам сомаға тауарларды экспорттады және 68,8 мың долларға импорттады, ал Армения Республикасының жалпы тауар айналымындағы үлесі 0%-ға тең.

Негізінен ЕАЭО елдеріне Атырау облысы күкірттің барлық түрлерін экспорттады. Бұдан басқа, өңір одақ елдеріне жаңа піскен, салқындатылған, мұздатылған, тұздалған және кептірілген түрлі тұқымды балықтарды, цементті, мұнай мен мұнай өнімдерін, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын және жалпы салмағы 91 мың тоннадан асатын басқа да тауарларды сатты.

Похожие материалы