Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атырауда алаяқтық жасаған экс-полицейге 18 миллион теңге айыппұл салынды

Атырауда алаяқтық жасаған экс-полицейге 18 миллион теңге айыппұл салынды

Атырау. 1 қараша. 7kun.kz – Офицер көші-қон қызметімен мәселені шешу үшін шетелдіктен ақша алмақ болған, деп хабарлайды 7kun.kz «Ақ Жайық-қа» сілтеме жасап.

Айыпталушы көші-қон қызметімен мәселесін шеше алмай жүрген Өзбекстан азаматына құжаттарын алып беруге уәде етіп, одан 600 мың теңге алып, ақшаны бастықтарға беремін деген. Ақша өзінде қалған.

Оның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, жасырын бейнежазбалар арқылы дәлелденді. 

Сот полицейді кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және «аға лейтенант» шенінен айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы, яғни 18 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

Похожие материалы