Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан Нигерия азаматы ұсталды

Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан Нигерия азаматы ұсталды

Атырау. 22 шілде. 7kun.kz – Атырауда синтетикалық есірткі тасымалдап, оны сақтады деген күдікпен 24 жастағы Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралы Атырау облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Оны Атырау облысы ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірлік ҰҚКД бірлесіп ұстаған.

Күдікті жүргізген Chevrolet Cruze көлігін тінту барысында 5 полиэтилен пакет табылған. Оның әрқайсысына салмағы 1 грамды құрайтын мефедрон салынғаны анықталды .

«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД-да.

https://www.youtube.com/watch?v=KcB98szKros&feature=emb_imp_woyt

Похожие материалы