Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атыраулық кәсіпкерлер жарымжан әйелге пәтер сыйлады

Атыраулық кәсіпкерлер жарымжан әйелге пәтер сыйлады

Атырау. 5 қазан. 7kun.kz — Атыраулық кәсіпкерлер науқас әйелге пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Динара Ертілеуова есімді атыраулық әйелдің жүрегі мен өкпесі айықпас дертке шалдыққан. Тек трансплантация жасау арқылы ғана оңала алады. Әйел баласын жалғыз өзі өсіріп жатыр. Ол бұған дейін пәтер жалдап тұрып келген. 2011 жылдан бері мүгедектігіне байланысты тұрғын үй кезегінде тұрған. 2017 жылдың шілдесінде 4307-інші кезекте тұрған.

Динараның ауыр жағдайы туралы білген Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі науқас әйелге қала ішінен пәтер тарту ету туралы шешім шығарған.

«Кәсіпкерлер ретінде өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді сезіне отырып, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға тиіспіз. Сол себепті «Атамекенім» акциясына атсалысып отырмыз», - дейді кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің басшысы Әлия Бекқожаева.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы