Республика тұрғындарынан Атырау мен Ақтаулықтар асханаға көп шығын жұмсайды. Қаңтар айындағы есептеу бойынша Атырау облысының бір ересек адамның бір айлық орташа есебі 7,2 мың теңге, Маңғыстауда 5,6 мың теңгені құраған. Ал Қазақстан бойынша әрбір тұрғын орта есеппен қоғамдық асханаға 2,1 мың теңге қалдырады деп хабарлайды Ranking.kz.
Азық-түлік өнімдері мен сусындар жеткізу жөніндегі кассаның есептеуі бойынша 2015 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіші 20,7 пайызға өскен.
Мұнайлы өңірден бөлек Алматы (5 мың теңге), Астана (4,1 мың теңге) мегаполистері мен Батыс Қазақстан облысындағы (2,3 мың теңге) тұрғындарда экономикалық белсенділік байқалған.