Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атышулы қонақүй тонаулары

Атышулы қонақүй тонаулары

Қонақүй лоббиінде орналасқан бағалы заттары бар дүңгіршектерді, дизайнерлік киімдерді ұсынатын дүкеншелерді тонау - соңғы уақытта жиі болып тұратын құбылысқа айналды. Қонақүйдің бөлмесіне кіріп те, ешкім байқамастай қомақты қаражатты өзімен бірге алып кететін кәсіби ұрылардың саны да жеткілікті. ForbesLife жаңа ғасырда болған ең ірі қонақүй тонауларын анықтап, соның салдарынан келген шығын мөлшерін анықтаған болатын. Сол тізімді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

  1. 10 қаңтар 2018 жыл, «Ritz Carlton» қонақүйі, Париж қаласы

Ұрланған қаражат: 4,5 миллион еуро

[caption id="attachment_83028" align="aligncenter" width="1200"]тонау Фото: upload.wikimedia.org[/caption]

Аталмыш қонақүй Вандом алаңында орналасқан. 1898 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. 10 қаңтар париждік Ритц қонақүйінің басшылығына қонақүй тоналып жатыр деген хабарды айтқанда, ұрылар қызметкерлер кіріп-шығатын есіктен зергерлік дүкендегі бағалы заттарды алып қашып үлгерген. Сырттан атысқа ұқсаған қатты шу шығып, мотоцикл дыбысы естілді.

Бір сағаттан кейін аймақтық және шетелдік БАҚ оқиғаның қалай болғандығы туралы деректерді шығара бастады. Ұрылар тобы жиырма жас шамасындағы бес ер баладан тұрған. Олар Камбон көшесі жағынан таңғы 06.30 шамасында қонақүйге кірген. Балтамен Александра Резе бутигінің терезесін сындырып, полицияның есебінше, 4,5 миллион еуроға бағалы заттарды ұрлап кеткен.

Ұрының үшеуін шыққан сәтте полиция ұстап үлгерген. Дегенмен, қару мен ұрланған заттар олардың қолында болған жоқ. Ал қалған екеуі қылмыс орнынан жасырынып үлгерді. Келесі күні Le Parisien газеті барлық ұрланған заттардың дүкенге қайтарылғандығы туралы хабарды жариялады. Мотоциклдегі ұрының бірі қоқыс жәшігіне соқтығысқанда, байқамай не болмаса әдейі қолындағы ұрланған заттарды лақтыра салған.

Вандом алаңында Париждің зергерлік дүкендер көп орналасқан. Соңғы жылдары ол жерде тонау жиі болып тұрғандықтан, Франция әділет министрлігі 2014 жылдың өзінде-ақ сол аудандағы қауіпсіздік шараларды күшейткен болатын.

  1. 17 мамыр 2013 жыл, «Novotel» қонақүйі, Канн қаласы

Ұрланған ақша: 536 000 еуро

[caption id="attachment_83029" align="aligncenter" width="1024"]тонау Фото: accorhotels.com[/caption]

Канндық «Novotel» қонақүйі теміржол вокзалының маңайында орналасқан. 2013 жылдың 17 мамырында қонақүй бөлмесіндегі сейфтен Chopard брендінің бағалы заттары ұрланған: үш сағат, алты сырға, білезік, жақұт тасы бар жүзік. Тонау Chopard компаниясының вице-президенті Каролина Шойфеленің жас актерлар Джереми Ирвин мен Бланка Суаресті алтын статуэткамен марапаттап жатқан түні жүзеге асқан.

  1. 24 мамыр 2013 жыл, «Hotel Du Cap-Eden-Roc», Канн қаласы

Ұрланған қаражат: 1,7 миллион еуро

[caption id="attachment_83031" align="aligncenter" width="2048"]тонау Фото: cotedazurtaxi.fr[/caption]

«Дю Кап-Эден-Рок» қонақүйінде танымал зергерлік үй De Grisogono-ның 20 жылдығына орай өткен үлкен кеш өткен болатын. Сол түні халық назарына ұсынылған бағалы заттар тұратын сөреден алқа жоғалады. Компания негізін салушы, зергер Фаваз Груози көп ұзамай бұл жағдай туралы Telegraph-та жазған болатын. Зергерлік үй тарихындағы алғашқы ұрлық екендігін, ал алқаның ұрланғандығын тек таңертең ғана белгілі болғандығын айтты. Ұры, мүмкін, сиқыршы болар, себебі салтанатты кеште 80 қарауылшы, жергілікті полицейлер, қонақ үй және бутик қызметкерлер болды. Барлығы да салтанатты кештің өз деңгейінде өтуін қадағалап жүрген еді.

  1. Шілде, 2013 жыл, «The Peninsula Hong Kong» қонақүйі, Гонконг

Ұрланған қаражат: 6500 доллар

[caption id="attachment_83032" align="aligncenter" width="968"]тонау Фото: hightea.com[/caption]

Аталмыш қонақүй әлемдегі ең үздік он қонақүйдің қатарына кіреді. 1928 жылдан бастап қызмет көрсетеді. Дегенмен, ұры қонақүй қызметкерлерінің сеніміне кіру арқылы өзінің жоспарын мінсіз орындап шықты. «Кілтімді жоғалтып алдым» деген сылтаумен ұрлықшы қосымша кілтке ие болған. Ол бөлмеге қоныстанған кісілердің өз бөлмесінен шыққанын күтіп, кейіннен есікті ашып бөлмеге кірген. Одан кейін ресепшнға хабарласып, бөлмедегі сейфтің кілттік кодын ұмытып қалғандығын айтып, оны ашуға көмек беруін сұрайды. Бөлмеге қонақүй қызметкері көтерілгенде, үстіне халат пен аяғына үй тәпішкесін киіп алған ұры нағыз қонақ ретінде есікті ашады. Қызметкер сейфті ашып берген соң, ұры рақметін айтып оларды шығарып салады. Сейфта болған 6500 доллар соманы алып, бірнеше минуттың ішінде ізін суытады.

  1. 28 шілде 2013, «Carlton Intercontinental» қонақүйі, Канн қаласы

Ұрланған қаражат: 136 миллион доллар

[caption id="attachment_83033" align="aligncenter" width="1498"]тонау Фото: astrum-m.kz[/caption]

«Carlton Intercontinental» қонақүйінде болған ұрлықтардың бірі. Тонау миллиардер Лев Авнерович Леваевқа тиесілі Leviev зергерлік үйінің бриллианттары көрмеге қойылған кезде болды. Көрме өтіп жатқан салонға қаруланған ұры кіріп, портфельге бриллианты бар сағаттар мен бағалы заттарды салып шығып кеткен. Полицияның хабарлауынша, барлық процесс, шамамен, бір минутты ғана қамтыған. Бүгінде бұл ұрлықты соңғы жүз жылдықтағы ең ірі тонау деп санайды. Ұрланған заттардың бағасы 136 миллион долларды құрайды.

Нұрила Әбдіманап "7"

Похожие материалы