
Ақтөбе. 28 ақпан. 7kun.kz - Ақтөбе облысының полициясы "Выгодный займ" ЖШС құрылтайшысы Ж.Есіркеповты ұстады. Бұл туралы облыстық полиция хабарлады.
Ж.Есіркеповке 22 ақпаннан бері ҚР ҚК-нің 3 тармағы 217 бабы "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша халықаралық іздеу жарияланған. Қазір ол тергеу абақтысына қамалған. Тергеу шаралары жүргізілуде", деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ аталған қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шеккендерді Ақтөбе қалалық полиция басқармасына хабарласуды сұрайды.